Елорда • 03 Қыркүйек, 2021

Елордада жеңіл көлік БТР-мен соқтығысты

592 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының жол қиылысында бронетранспортер жеңіл автокөлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада жеңіл көлік БТР-мен соқтығысты

Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

«Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде сағат 07:35-те 46 жастағы жүргізуші Nissan Almera маркалы автокөлігін басқарып, Нұр-Сұлтан - Қарағанды тас жолы мен Армандастар көшесінің қиылысында солға бұрылған кезде БТР 82-А әскери көлігіне жол бермеді. Нәтижесінде, жол-көлік оқиғасы орын алды», деп хабарлады ведомстводан.

Хабарланғандай, апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Nissan Almera маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБК 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 

«Полиция департаменті жарқылдауық маяктары мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған көлік құралдары жақындаған кезде басқа жүргізушілер сол көлік құралдарының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жол беру керектігін еске салады», деп қорытындылады полиция.