25 Қаңтар, 2014

Сенаттағы қабылдаулар

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Қазақстандағы елшісі Зураб Патарадзені қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Қазақстандағы елшісі Зураб Патарадзені қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Елші Сенат Төрағасын Гру­зиядағы ішкі саяси және әлеу­меттік-экономикалық даму, сон­дай-ақ, Қазақстанмен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру туралы хабардар етті.

Екіжақты қатынастардың достық сипаты және келешегі зор екенін атап өте келіп, Қ.Тоқаев грузин парламентшілеріне еліміздің қазіргі дамуы барысымен танысу үшін Қазақстанға келу­ге шақыруын жолдады. Сенат Төрағасы грузин дипломатын Президент Н.Назарбаевтың таяу­да жария еткен Жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етті.

Сол күні Қ.Тоқаев БҰҰ-ның Резидент-үйлестірушісі, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Стивен Туллмен де кездесті. Жүздесушілер Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады. С.Тулл Сенат Төрағасына БҰҰ Даму бағдарламасының біздің еліміздегі қызметі туралы айтып берді. Қ.Тоқаев Қазақстанның әмбебап әрі баламасыз ұйым болып табылатын БҰҰ-мен өзара іс-қимылының басым сипатын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Елдік тұжырымдама

Пікір • Бүгін, 08:50

Ғасыр үні жаңғырған кеш

Руханият • Бүгін, 08:30