Әлем • 05 Қыркүйек, 2021

Польша американдық газды көбірек сатып ала бастады

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшаның PGNiG компаниясы American Venture Global-мен жылына 2 миллион тонна сұйытылған газды қосымша сатып алу туралы 20 жылдық келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Польша американдық газды көбірек сатып ала бастады

Осылайша, американдық сұйытылған газды Польшаға жеткізу көлемі жылына 5,5 миллион тоннаға немесе 7,4 миллиард текше метрге жетеді. 

Келісімшарт 2023 жылдан бастап нәтиже бере бастайды. 

«Сенімді және болжамды серіктес жеткізетін американдық газ Норвегиядан Балтық құбыры арқылы Польшаға кіретін отынмен бірге, шығыстан жеткізілетін тасымалға тәуелді болмауға мүмкіндік береді», деді Польша премьер-министрінің орынбасары Яцек Сасин.