Теннис • 05 Қыркүйек, 2021

Отандасымыз әлемдік жарысқа қатысып жатыр

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Словенияның Оточец қаласында үстел теннисінен WTT сериясындағы турнирлер басталды. Аталған сынға Еуропа, Азия мен Американың 20 мемлекетінен спортшылар қатысуда, деп хабарлайды Egemen.kz

Отандасымыз әлемдік жарысқа қатысып жатыр

Біздің елден аталған сынға 14 жастағы Қазақстан чемпионы Алан Құрманғалиев аттанды. Ол 17 жастағы спортшылар арасында 1/16 айналымға өтіп, өз тобында Якуб Голдир (Словакия) мен Тобиас Эллисті (Англия) жеңді. 

Алайда, 1/8 айналымға жолдама беретін матчта румыниялық Юлиан Чиритеден 1:3 есебімен ұтылды. 

Бүгін Алан 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында бақ сынайды.