TOKYO2020 • 06 Қыркүйек, 2021

Токиода Паралимпиада ойындары аяқталды

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Паралимпиада комитетінің (IPC) президенті Эндрю Парсонс Токио ойындарын жабық деп жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Токиода Паралимпиада ойындары аяқталды

5 қыркүйекте Жапония астанасындағы ұлттық стадионда жарыстың жабылу салтанаты өтті.

Паралимпиада 24 тамызда басталды. Спортшылар 22 спорт түрі бойынша 539 медальдар жиынтығына таласты. Жалпы командалық есепте І-орынды Қытай спортшылары жеңіп алды. Олардың еншісінде 96 алтын, 60 күміс және 51 қола медаль бар. Ұлыбританиялық спортшылар ІІ-орынды иеленді (41, 38, 45), мықтылардың үштігін америкалықтар түйіндеді (37,36, 31).

Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Паралимпиада-2020 ойындарын бес медальмен аяқтады, бұл - ұлттық құраманың тарихындағы ең жақсы нәтиже.

Пауэрлифтингші Давид Дегтярев алтын, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет пен Зарина Байбатина күміс, суға жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола медаль алды.