Полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында сағат 22:05-те Баршын көшесінде 32 жастағы ер адамның басқаруындағы Toyota автокөлігін тоқтатты.
Ұсталған азаматтың көлікке қатысты құжаттары жоқ екені анықталды. Сонымен қатар ол бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Автокөлікті тексеру барысында үш ас үй пышағы мен бір аңшылық пышақ, 32 мм калибрлі тегіс ұңғылы қару және оның патрондары тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.