ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысөзімен бұқаралық ақпарат құралдары мамандарына арналған «Сөзтүзер» сөздігі жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысының сөздікке жазған алғысөзін ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі кітаптың тұсаукесер рәсімінде оқып берді.
«Тіл – ұлттың өзегі. Онда халқымыздың бүкіл бітім-болмысы көрініс тапқан. Бай әрі шұрайлы тіліміз ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, елімізбен бірге жасап келеді. Шын мәнінде тіл – жанды ағза іспетті, ұдайы жаңарып отырады. Заман талабына сай жаңа сөздер қосылады. Кейбірі көнеріп, сирек қолданыла бастайды. Бұл – заңды құбылыс.
Біз үшін ең бастысы – қастерлі тіліміздің ғасырлар бойы қалыптасып, уақыт сынынан сүрінбей өткен табиғатын бұзбай одан әрі дамыта түсу. Сауатты жазып, дұрыс сөйлей білетін халықтың тілі ғұмыры болады. Сондай-ақ кез келген салада емін-еркін қолданылады. Тәуелсіздік жылдарында ана тіліміздің өрісі кеңейе түсті. Білім мен ғылымның, интернет пен бизнестің тіліне айналды», деген Мемлекет басшысы.
Дегенмен, Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық технологиялардың зардабын тигізетін тұстары да жоқ емес екендігін баса айтады.
«Қазіргі жастар әдеби шығарма оқығаннан гөрі тіл мәдениетінің талаптары сақтала бермейтін әлеуметтік желіде отырғанды жөн көреді. Бұл өскелең ұрпақтың дұрыс жазып, сөйлей білу қабілетіне кері әсерін тигізуде. Тіл тазалығын сақтау ісінде бұқаралық ақпарат құралдары ерекше рөл атқарады. Жұрттың бәрі маман емес.
Журналистер қай сөзді немесе терминді қалай қолданыса көпшілік солай қолдану керек деп қабылдайтындығы жасырын емес. Сондықтан медиа саласы қызметкерлерінің сөз өнерін жетік меңгеруі аса маңызды», деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысы өкінішке қарай, ақпарат құралдарында сөздер мен тіркестерді орынсыз немесе қате қолдану фактілері жиі кездесетіндігіне назар аудартады.
«Бұл кемшілікті дер кезінде түзету маңызды міндет. Осыған орай арнайы сөздік жасалып, көпшілікке ұсынылып отыр. Мұнда сөздерді қате қолдаудың 2 мыңнан астам нақты мысалы жинақталған. Оның бәрі ақпарат құралдарынан өзіміз күнделікті көріп жүрген мысалдар. Сөздікте қате қолданыстардың туындау себебі айқындалып, дұрыс нұсқасы көрсетілген. Бұл еңбектің ерекшелігі мен практикалық құндылығы осында. Осы сөздікті дайындаған білікті мамандарға ризашылығымды білдіремін. «Сөзтүзер» БАҚ саласы мамандарының ғана емес қалың көпшіліктің игілігіне жарайды деп сенемін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ресей мен Украина делегациялары Түркияда кездеседі
Әлем • Бүгін, 12:23
Науқастардың 98 пайыздан астамы сауығып шықты – Ажар Ғиният
Коронавирус • Бүгін, 12:15
Жаңа штамм: Қазақстанда қайта карантин енгізіле ме?
Коронавирус • Бүгін, 12:07
Қазақстандық кикбоксерлер әлем кубогында топ жарды
Елорда • Бүгін, 12:00
Қосымша кәсіпкерлікпен айналысқан 23 мектеп директоры айыппұл төледі
Қоғам • Бүгін, 11:52
Өзбекстанда елшілік жанынан арнайы дауыс беру учаскесі ашылады
Әлем • Бүгін, 11:48
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Бүгін, 11:40
Жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді қалай алуға болады
Қоғам • Бүгін, 11:38
«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Аймақтар • Бүгін, 11:28
ШҚО-да елікті атқан браконьер сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:20
Брюссельде Орталық Азия-Еуроодақ қауіпсіздік диалогының отырысы өттІ
Қазақстан • Бүгін, 11:13
Терек мамығымен ойнаған балалар үйді өртеп жіберді
Оқиға • Бүгін, 11:06
BATYR BEINESI коллекциялық монеталары айналымға шығады
Қазақстан • Бүгін, 11:00
Түркістанда «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклі қойылады
Өнер • Бүгін, 10:48
Педагогтерді бағалауда жетістікке жеткен оқушылардың нәтижесі назарға алынады
Білім • Бүгін, 10:40
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Швейцариядан жеңіліп қалды
Хоккей • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 6 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Алматы облысының 1500-ге жуық тұрғынын кене шаққан
Аймақтар • Бүгін, 10:28
Медициналық пойыздар шалғай аймақтарға жолға шығады
Медицина • Бүгін, 10:17
Қазақстанда вакцина алғандар саны 9,4 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі артты
Қоғам • Бүгін, 09:59
18 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:47
Ішкі істер министрлігінде кадрлық өзгерістер болды
Тағайындау • Бүгін, 09:39
Оқиға • Бүгін, 09:27
Қазақстандық боксшы қыздардың жартылай финалдағы қарсыластары анықталды
Бокс • Бүгін, 09:12
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:07
Экология • Бүгін, 07:42
Аймақтар • Бүгін, 07:40
Спорт • Бүгін, 07:38
Теннис • Бүгін, 07:36
Жарысты 29 жүлдемен қорытындылады
Спорт • Бүгін, 07:34
Орнын толтыратын олқылықтар бар
Қоғам • Бүгін, 07:32
Қазақ үшін ауылдың орны ерекше
Ауыл • Бүгін, 07:30
Ұйымшылдық – іргелі істер бастауы
Қоғам • Бүгін, 07:28
«Министр кубогы» сарапқа салынады
Спорт • Бүгін, 07:26
«Ролан Гаррос-2022»: Франция кортында кімдер өнер көрсетеді?
Теннис • Бүгін, 07:24
Футбол • Бүгін, 07:22
Әдебиет • Бүгін, 07:20
Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:18
Руханият • Бүгін, 07:18
Ұқсас жаңалықтар