Былтыр әлемдік балалар әдебиетінің жауһарына айналған «Хәрри Поттер» топтамасының бірінші кітабы «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» романы тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрген еді. Одан кейін «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме», «Хәрри Поттер мен Азкабан тұтқыны», «Хәрри Поттер мен от-сауыт» атты бөлімдері де аударылып, барлығы төрт кітап басылып шықты. Айта кетейік, британ жазушысы Жоан Роулиң ойлап тапқан сиқыршы бала Хәрри Поттер мен оның сиқыр әлемі туралы еңбектерді қазақ тілінде басып шығару құқығы Steppe & WORLD Publishing баспасына тиесілі.

Енді қазан айында «Хәрри Поттер мен Феникс алқасы» атты бесінші кітабы жарияланбақ. Бұл – Хәрри Поттер сериясындағы көлемі ең үлкен бөлім. Қазір корректорлық жұмыстар жасалып жатыр. «Бесінші кітаптың түпнұсқасы да, аудармасы да 700 беттен асады. Оған қоса, мәтін күрделеніп келеді. Кейіпкерлер көбейді, балалар өсті, оқиға шиеленісті. Сол себепті жұмыс күрделі жүріп жатыр. Тиражы 5 000 дана», дейді жобаның жауапты редакторы Назгүл Қожабек.
Жалпы, Хәрри Поттер сериясын түгел аударғандар – Динара Мәзен мен Саят Мұхамедияр. Жоан Роулиң осы роман желілері арқылы әлемдегі ең бай жазушылардың қатарына қосылды. 1997 жылдың 26 маусымында жарыққа шыққан алғашқы «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» романы балалар әдебиеті жанрын бұзып-жара кіріп, бүкіл әлемде зор коммерциялық табысқа кенелді. Бүгінге дейін жеті сериялы роман 500 миллион данамен шығып, 80 тілге аударылып, әлемдік әдеби бестселлерге айналды. Мәселен, 2007 жылы жарыққа шыққан бір ғана «Хәрри Поттер мен ажал сыйы» кітабы бірден 11 миллион данамен шығарылып, рекорд орнатқанын да білеміз.
Warner Bros. Pictures компаниясының жетекшілігімен романдар сериясы киноға айналып, кинематография саласында да табысқа жетті. Кітап көтерген абырой-атақ әлемде Harry Potter брендін қалыптастырып, ол брендтің құны, шамамен 12.78 миллиард долларға бағаланады.
Баспа басшысы Райса Қадыр бір сұхбатында: «Романдар желісінің ең соңғысы 2007 жылы жарыққа шыққан. Кейде неліктен сол тұста бірден қазақ тіліне аударылып отырмаған деп таңғаламын. Бірақ қазір де кеш емес. Өйткені классиканың аты қай кезде де классика», дейді. Арада көп жыл өтсе де әлемдік бестселлердің қазақ тілінде сөйлеуі – үлкен нәтиже. Қазақ оқырманы Хәрри Поттердің бесінші кітабын асыға күтеді.
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Бүгін, 13:49
Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Аймақтар • Бүгін, 13:37
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар