«Токио Паралимпиадасында біздің еліміз өз спортшыларын үкілеп қосты. Дүбірлі дода алдында Мемлекет басшысы спортшыларды арнайы қабылдап, ақ жол тіледі. Кездесу барысында Президент әлемдегі жүз мыңдаған спортшының арасынан үздік шығып, ойындарға жолдама алу екінің бірінің қолынан келе бермейді деген болатын. Президент айтқандай, сіздер оған кәсіби біліктілік пен дайындықтың арқасында қол жеткізуге болатынын дәлелдедіңіздер. Параспортпен айналысатын әрбір адам – жеңімпаз. Бүгін еліміз бойынша 20 мыңға жуық азамат параспорт түрімен жүйелі түрде айналысып келеді. Соның ішінде 500 спортшы Ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді. Мемлекет паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту үшін қажетті жағдай жасай береді. Қазір өңірлерде параспортшыларға арналған 16 арнайы топ пен мектеп жұмыс істейді. Елордамызда 2018 жылы Паралимпиадалық жаттығу орталығы ашылды. Заман талабына сай жабдықталған орталық АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Оңтүстік Корея елдерімен қатар біздің елде де бар», деді Қ.Көшербаев.
Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Мәдениет және спорт министрлігінде өткен Токио-2020 Паралимпиада ойындарының чемпиондарын марапаттау рәсімінде паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту үшін қажетті жағдай жасау жалғасын табатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Шымкенттегі пәтерлердің бірінен қарияның мәйіті табылды
Шымкент • Бүгін, 12:55
Түркістан облысында әйел мен оның қызын өлтірген күдіктінің соты ашық өтеді
Аймақтар • Бүгін, 12:24
Алматыда жасөспірім тауға жалғыз шығып, адасып кеткен
Алматы • Бүгін, 11:51
Алматы облысында ер адам сүйіктісіне бензин шашып, өртеп жіберген
Қылмыс • Бүгін, 11:22
Қоғам • Бүгін, 10:40
Шайбайдың Сұлтанмахмұтқа арнауы
Әдебиет • Бүгін, 10:30