28 Қаңтар, 2014

АСЕАН-да да елшіміз болады

642 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жакарта қаласында (Индонезия) Қазақстан Республи­касының Индонезия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Оразбай Оңтүстік-шығыс Азия елдері қоғамдастығының (АСЕАН) Бас хатшысы Ле Люонг Миньмен кездесті.

 

Жакарта қаласында (Индонезия) Қазақстан Республи­касының Индонезия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Оразбай Оңтүстік-шығыс Азия елдері қоғамдастығының (АСЕАН) Бас хатшысы Ле Люонг Миньмен кездесті.

А.Оразбай Бас хатшыға Қазақстанның Индонезиядағы елшісін Қазақстанның АСЕАН жанындағы елшісі ретінде тағайындау туралы еліміз Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың хатын тапсырды.

Кездесу барысында елші АСЕАН-мен ынтымақтастықты, әсіресе, ұйымның Қауіпсіздік жөніндегі аумақтық форумы шеңберінде нығайтуға Қазақстанның қызығушылық танытатынын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан елшісі АСЕАН мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы арасындағы ынтымақтастықты дамытуға шақырды.

Қазақстандық дипломат­ сұх­баттасушысын Елбасы Н.На­зар­баевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан хал­қына Жолдауының басты ба­ғыттарымен таныстырып, Жол­даудың ағылшын тіліндегі мәтінін тапсырды.

Ле Люонг Минь өз кезегінде АСЕАН-ға мүше мемлекеттер Қазақстанды соңғы жылдары әлеу­меттік-экономикалық дамуда айтарлықтай жетістіктерге жеткен, зор экономикалық әлеуеті бар ел ретінде танитынын атап өтті. Ол болашақта табысты өз­ара іс-әрекет етуге, сондай-ақ, Жолдауда қойылған үлкен мақ­саттарға жету Қазақстан хал­қы­ның әл-ауқатын арттыруға мүм­кін­дік беретініне сенімін білдірді.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар