Бұл жайында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Президентке берген есебінде айтып өтті.
Өңір әкімінің айтуынша, облыстағы вакцина алуға тиісті тұрғындардың 72,5 пайызы екпе салдырған. Сонымен қатар Президентке вакцина шығаратын зауыттың дайын өнімді құюға толық әзір екені айтылды.
Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Зауыт пен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми зерттеу институтының қызметкерлеріне арналған үйлер мен акт залы бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасып жатыр, – деді Бердібек Сапарбаев.
Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.