Оқиға • 09 Қыркүйек, 2021

Өкпесі 100% зақымданған науқас жазылып шықты

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада өкпесі 100% зақымданған науқас жазылып шықты. 20 күн бойы реанимацияда болған Асхат Отызбаев дәрігерлердің арқасында дертінен айығып, бүгін үйіне шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өкпесі 100% зақымданған науқас жазылып шықты

«Бүгін шығарып жатқан науқасымыз Асхат Отызбаев 25 шілдеде ауруханамызға келіп түсті. Үшінші күні тыныс алуы қиындап, жағдайы нашарлап кетті. Сол кезде тағы компьютерлік томография жасап тексердік, өкпесі 100 пайыз зақымданып кеткен екен. Соған байланысты оны реанимация бөліміне ауыстырдық. 20 күн бойы жансақтау бөлімінде жатып, жағдайы жақсарған соң бүгін үйіне шығарып салдық», деді №3 Көпбейінді қалалық ауруханасының пульманолог-дәрігері Сапаркүл Бердешова-Абильдаева.

Дәрігерлердің айтуынша, Асхаттың жағдайының тым нашарлап кетуіне оның вакцина алмағаны себеп болған. Себебі, науқастың жасына қарамастан егер ол екпе алса ауру жеңіл өтеді және вакцинацияланғандар арасында жансақтау бөліміне түсетіндер саусақпен санарлық, дейді ақ халаттылар.