Үкімет • 10 Қыркүйек, 2021

Балалардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы әзірленеді - Н. Нығматуллин

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросының отырысы өтіп, онда депутаттардың алдағы жалпы отырысының күн тәртібінің жобасы әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балалардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы әзірленеді - Н. Нығматуллин

Бірінші оқылымда бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер талқыланады.

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға баланы кемсітудің барлық нысандарынан қорғауды қамтамасыз ету, балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін кеңейту бөлігінде түзетулер енгізу ұсынылады.

Сондай-ақ, заң жобасында ӘҚБтК-ге кәмелетке толмағандардың денсаулығына жеңіл зиян келтіргені және ұрып-соққаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу бөлігінде өзгерістер көзделеді.

Екінші оқылымда депутаттарға мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлуге қатысты заңнамалық жаңалықтарды қарау ұсынылады.