Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2021

Жүргізуші көлігімен бірге өзенге батты

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында жүргізуші көлігімен бірге өзенге батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүргізуші көлігімен бірге өзенге батты

Мұғалжар ауданы Елек өзенінің жағасында қайғылы жағдай орын алды.

«Қандыағаш қаласының екі тұрғыны Елек өзенінің жағасында жүріп, «Volkswagen Passat» автокөлігімен жартастан өзенге құлаған. Апат салдарынан 59 жастағы жүргізуші автокөліктен шыға алмай, суға батып кетті. Ал 45 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді. Полиция автокөлікті өзеннен ауыр техниканың көмегімен алып шықты. Тергеуге тиесілі сараптамалар тағайындалды», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Биыл өңірде 20-дан астам адам суға батып кетті. Оның төртеуі бала.