28 Қаңтар, 2014

Олимпиада: жолдама алмаған спортшылар да барады

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Olimpiada Sochi.jpg-4

Биылғы Қысқы Олимпиадаға лицензия ала алмаған Қазақстан спортшылары да барады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Жақында БАҚ өкілдерімен кездесуде Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов Сочи Олимпиадасына жарыстарға қатысатын спортшыларымызбен бірге жолдама алмай қалған отандастарымыз да баратынын айтты. «Былтыр Олимпиадаға жолдама беретін көптеген жарыстар өтті. Оған ел намысы үшін біраз спортшыларымыз жан алысып, жан берісіп қатысты. Алайда бәрінің Олимпиадаға лицензияны жеңіп алуға мүмкіндігі болмады. Осы жағдайды және жас спортшыларымыздың еңбегін, талантын ескере отырып, біз оларды Олимпиадаға апаруды жөн көріп отырмыз. Бұл бір жағынан жас болса да талантымен талай жарыстарда көзге түскен спортшыларымызға Олимпиадаға қатысатын әріптестерінен, достарынан үлгі алсын деген оймен жасалып жатыр. Олар Олимпиадаға турист ретінде баратын 300-ге жуық адамның құрамында болады», дейді Е.Қанағатов. Сонымен бірге оның айтуынша, Олимпиадаға турист ретінде зейнет жасына шығып, еңбегі сіңген бұрынғы спортшыларымыз да барады.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі.