Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2021

Балалар 30 тонна шөпті өртеп жіберді

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстанда ойнап жүрген балалар 30 тонна шөптің өртеніп кетуіне себеп болған, деп жазады Egemen.kz.

Балалар 30 тонна шөпті өртеп жіберді

Глубокое ауданының Ушанов ауылында 30 тонна шөп өртенді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, жалынды сөндірді.

«Балалардың ойыны өрттің тұтануына алып келген. Құтқарушылар жанып жатқан шөпті сөндірудің қиындығын және от жалын бірден үлкен аумақты шарпып кететіндігін атап өтті. Егер де шөп маялары өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылықтарымен орналасқан болса, құрылымға қауіп төнеді», деп жазады ШҚО ТЖД.