Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2021

Қостанайда жоғалған қыздың денесі табылды

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының орман белдеуінде жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда жоғалған қыздың денесі табылды

Евгения Казачуктың денесі орман жолағынан табылды. Полиция ҚР ҚК-нің 99-бабында көзделген «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», деп хабарлады облыстық ПД.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қыз 25 тамызда Денисов ауданы Перелески ауылында жоғалып кеткен. Ол жол бойындағы кафеде аспаз болып жұмыс істеген. Қызды іздеуге еріктілер жұмылдырылған болатын.