Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2021

ШҚО-да медицина қызметкері жалған вакцина құжатын жасаған

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы медицина қызметкері еңбекақысына үстемақы қосу үшін жалған вакциналау паспортын жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да медицина қызметкері жалған вакцина құжатын жасаған

54 жастағы маман кейбір тұрғындарды екпе алған адам ретінде рәсімдеп, алайда препаратты төгіп тастап жүрген. Медициналық қызметкер бұлтартпас айғақтармен ұсталып, тергеу амалдары басталды. Жалған паспорт жасаушы 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Аталған медицина қызметкерінің әрекеттеріне ҚР ҚК 385 бабы бойынша тиісті процессуалдық баға берілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.