Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2021

Колония аумағына смартфон лақтырмақ болған жігіт ұсталды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында түрме аумағына екі ұялы телефон лақтырмақ болған жігіт ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Колония аумағына смартфон лақтырмақ болған жігіт ұсталды

ШҚО ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ОВ 156/2 түзету мекемесіне таяған азамат екі смартфонды қоршау арқылы ішке кіргізуге тырысты. Ол колония аумағын күзетіп жүрген қызметкерлерді байқамай қалған.

«Скотчпен оралған заттарды лақтырмақ болған кезде оны мекеме қызметкерлері ұстады. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Түрмеге тыйым салынған заттарды кіргізудің алдын алу үшін бақылау барынша күшейтілген», деді ОВ 156/2 түзету мекемесінің бастығы Еркін Кабин.