Әлем • 13 Қыркүйек, 2021

Пәкістанда су тасқынынан 17 адам қаза тапты

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пәкістанның солтүстік батысында су тасып, ондаған баспананы қиратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пәкістанда су тасқынынан 17 адам қаза тапты

17 адам опат болды. Құтқарушылар 11 адамның денесін үйінді астынан алып шыққан. Марқұмдардың арасында әйелдер, балалар бар. Қанша адамның жарақат алғаны әзірге белгісіз. Жергілікті билік апаттан зардап шеккен аймаққа гуманитарлық көмек жеткізілетінін мәлімдеді. Бірақ таулы өлке болғандықтан апатты аймаққа жетудің өзі қиынға соғып тұр.