Ел және Елбасы • 14 Қыркүйек, 2021

Елбасы Жамбыл облысындағы әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысындағы әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады, деп хабарлайды Egemen.kz Тұңғыш Президенттің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елбасы Жамбыл облысындағы әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті әлеуметтік-мәдени нысандарды араламас бұрын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті. Кездесу барысында Елбасына әскери қоймалардағы жарылыстардан зардап шеккен Байзақ ауданының тұрғындарына қалпына келтіру жұмыстарының барысы мен көмек көрсету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді.

1

Сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімі Елбасына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысы мен аграрлық сектордағы және халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешуге бағытталған шаралар туралы ақпарат ұсынды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті өңір басшылығының жұмысына оң баға берді.

2

Кездесуден кейін Нұрсұлтан Назарбаев «Әлжан ана» тарихи музейінің қызметімен танысып, мекеме аумағында ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті кітапхана мен түрлі үйірмелер жұмыс істейтін ауылдық мәдениет үйінде болды. 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті спорттық-сауықтыру кешенінің жұмысымен де танысты. Кешенге үлкен арена, әмбебап зал, бокс және күрес залы кіреді. Қазіргі уақытта спорттық-сауықтыру кешенінде спорттың алты түрі: еркін күрес, таэквондо, каратэ, волейбол, футбол, бокс бойынша 400-ден астам балалар мен жасөспірімдер жаттығуда.

3