Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2021

Елімізде 12 млн тонна астық бастырылды - АШМ

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың 15 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада 12 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Елімізде 12 млн тонна астық бастырылды - АШМ

«15 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша 13,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе жалпы алқаптардың 83,3 пайызынан өнім жиналды. Орташа өнімділік гектарына 9,1 центнерден, жалпы 12 млн тонна астық бастырылды», деп хабарлады министрліктен.

Ведомствоның мәліметінше, негізгі егін егетін үш өңірде Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстанда 10 млн га немесе жинау алаңының 86% жиналды. Өнімділік гектарына 8,3 центнерден, 8,2 млн тонна астық бастырылды.

«Сақтау сыйымдылығы өткен жылдан қалған астық пен биылғы болжанып отырған астық көлемін сақтауға жеткілікті», делінген хабарламада.