Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2021

Балалар үйіндегі төбелес тергелуде

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы полициясы қаладағы балалар үйлерінің бірінің тәрбиеленушілері арасында болған жанжалдың себептерін анықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балалар үйіндегі төбелес тергелуде

Балалар үйінің екі тәрбиеленушісі арасындағы жанжалдың видеосы желіде тарады. Роликтің Алматыдағы «Жанұя» мамандандырылған кешенінде түсірілгені хабарланды.

Алматы қалалық полиция департаменті тергеу жұмыстарының басталғанын айтты.

«Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын бастады. Видеода 2021 жылғы 3 қыркүйекте орын алған 2004 және 2005 жылдары туған аталған балалар үйінің екі тәрбиеленушісінің арасындағы жанжал түсірілгені анықталды. Бұл факт туралы полицияға бұрын ешкім хабар берген жоқ. Қазіргі уақытта нақты мән-жайларды анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады», деп атап өтті полиция департаментінің баспасөз қызметі.