Әлем • 16 Қыркүйек, 2021

«Әуесқой ғарышкерлер» орбитаға ұшырылды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғарыш туризмі жаңа айналымға шықты: Илон Масктың SpaceX компаниясының «Драгон» (Dragon) капсуласында орбитаға төрт «әуесқой ғарышкер» аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әуесқой ғарышкерлер» орбитаға ұшырылды

Бұл туралы BBC агенттігі мәлімдеді.

«Драгон» Илон Масктың SpaceX компаниясының қолдан жасаған Falcon-9 зымырантасығышын орбитаға шығарды.

Ұшырылым бейсенбі күні Лондон уақыты бойынша 1:03-те Флоридадағы Кеннеди ғарыш орталығынан өтті және SpaceX сайтында көрсетілді. Ұшырылымнан шамамен үш минут өткен соң зымыран тасығыштың бірінші кезеңі Атлант мұхитындағы Just Read the Instructions қалқымалы платформасына бөлініп, қонды.

Тағы бірнеше минуттан кейін «Драгон» екінші сатыдан бөлініп, 575 км биіктікпен орбитаға шықты. Осыдан кейін ғарышкерлер Жерді мөлдір күмбез арқылы көре алды. Туристер келесі үш күнді орбитада өткізеді.

Миссияның соңында капсула Атлант мұхитына қонуы керек.