Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2021

Аида Балаева Әзірбайжан делегациясымен кездесті

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Аида Балаева Нұр-Сұлтандағы Еуразиялық Медиафорумның қатысушылары Әзербайжан Республикасының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аида Балаева Әзірбайжан делегациясымен кездесті

Іс-шараға Әзірбайжан Республикасы Президенті әкімшілігі Медиа бөлімінің басшысы К.Гасанов, Телевизия және радио жөніндегі ұлттық кеңестің басшысы А.Исмаилов, Әзірбайжан Республикасы Президенті әкімшілігі медиа бөлімі басшысының орынбасары О.Саттаров, Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Атамогланов, «Әзірбайжан телевизиясы және радиохабары» ЖАҚ төрағасы Р.Маммадов қатысты.

щл

Министр А.Атамоглановты жақында Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Уәкілетті Елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, Министрлік қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.

в

Оған қоса, Аида Балаева Әзірбайжан аумағында кабельдік операторлар торында «Qazaq tv» телеарнасының хабар таратуына көмек көрсетуді сұрады, сондай-ақ Министрліктің Әзірбайжан телеарналарымен бірлескен жобаларды іске асыруға, медиасаладағы мамандардың тәжірибе алмасуын ұйымдастыруға дайын екендігін білдірді.

А.Балаева Әзірбайжан өкілдерін биылғы жылдың 27-28 қыркүйегінде өтетін «Astana Media Week» медиаапталығына қатысуға шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.