30 Қаңтар, 2014

Таиланд оппозициясы парламент сайлауына бөгет жасамақшы

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 01 - Bangkok

Ереуілшілер сайлау күні Бангкоктағы қозғалысты тоқтатпақ. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Таиланд оппозициясы алдағы парламент сайлауы қарсаңында 3 күнге созылатын ереуіл бастамақшы. Ал 2 ақпанда болатын сайлау күні олар Таиланд астанасы Бангкоктағы қозғалысты толығымен тоқтатуға сөз беріп отыр.

Оппозицияның пайымдауынша, осындай жағдайдан соң сот саяси доданың қорытындыларын заңды емес деп тануы тиіс. Алайда, елдегі ушыққан саяси жағдайдың тағы бірнеше айға созылатын түрі бар. Себебі, наразылық шарасы кезінде дауыс бере алмаған тұрғындар үшін 23 ақпан сайлаудың қосымша күні болып белгіленді.

Айта кетейік, 13 қаңтарда ереуілшілер «Бангкокты жабайық» атты науқан бастаған болатын. Соның салдарынан оппозиция қала орталығындағы маңызды көше қиылыстары мен үкімет ғимарттарына баратын жолдарды жауып тастаған.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: 24.kz

Фото: Ntv.ru

Соңғы жаңалықтар