Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2021

Ресей Қазақстанда зымыран сынағын өткізді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей аэроғарыш күштері Қазақстан полигонында зымыранға қарсы қорғаныстың жаңа жүйесін сынақтан өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Ресей Қазақстанда зымыран сынағын өткізді

Сынақтар Сары-Шаған полигонында өтті.

«Жаңа зымыранға қарсы қорғаныс зымыраны бірқатар сынақтардан сәтті өтті. Жауынгерлік экипаждар шартты нысанаға берілген дәлдікпен тиіп, тапсырманы сәтті орындады», деді РИА Новости агенттігіне Ресей Аэроғарыш күштерінің зымыранға қарсы қорғанысының қолбасшысы генерал-майор Сергей Грабчук.

2017-2021 жылдар аралығында Сары-Шаған полигонында жаңа зымыранға қарсы он сынақ өткізілді.