Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2021

Әскери қызметшілердің декларация тапсыру мерзімі ұзартылады

606 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кіру кезінде активтер мен міндеттемелер туралы декларация бір рет ұсынылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әскери қызметшілердің декларация тапсыру мерзімі ұзартылады

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жеке тұлға мынандай ерекше жағдайларды қайта ұсынады:

- сайланбалы немесе мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат;

- банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болғасы келетін тұлғалар;

- жоғарыда аталған адамдардың жұбайлары.

«Сондай-ақ, салық заңнамасына сәйкес жеке тұлға бұрын ұсынған активтер мен міндеттемелер туралы декларациясына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі қажет болса, қосымша декларацияны тапсыруына болады», деп толықтырды МКК-де.

2021 жылғы 15 қыркүйекте жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын тапсыру мерзімі аяқталған болатын.

Жеке тұлғалардың декларациялары бойынша мерзімді ұзарту құқығы салық органына мерзімді ұзарту туралы хабарлама жіберілместен, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге беріледі.

Жеке тұлғалардың декларацияларын әскери қызметшілердің ұсыну мерзімі жергілікті әскери басқару органынан әскери қызметті өткеру орнына кетуі туралы бұйрық шығарылған күннен бастап мерзімді қызметті өткеру уақыты кезеңіне ұзартылады.