Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2021

Шығыс Қазақстанда найзағай түсіп, 3,5 га жер жанып кетті

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 қыркүйек күні Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылындағы орманда өрт шықты. Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Шығыс Қазақстанда найзағай түсіп, 3,5 га жер жанып кетті

Алдын ала мәлімет бойынша өрт найзағайдан шыққан. Жалын 3 жарым гектар жерді шарпыған.

«Оқиға орнында тілсіз жаумен өрт сөндірушілер және орманшылар күресуде. Сол жерге жалпы саны 74 адам мен 11 техника жұмылдырылған. Әзірге оттың беті қайтар емес», - деп хабарлады ведомство өкілдері.