31 Қаңтар, 2014

Достық туы берік қолда

334 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отырысында Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы талқыға салынды.

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отырысында Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы талқыға салынды.

Басқосуға Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, Ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың өкілдері, Аналар кеңесінің, облыстық мәслихаттың бей­біт­шілік, қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша «Ел бірлігі» депутаттық тобының мү­шелері қатысты.

Жиында тарихшы-ғалым Әнуар Исмаилов Жолдауда атап көрсетілген мәселелер туралы айта келіп, білім беру саласына тоқталды. «Президент алдағы 2-3 жылда дуалды техникалық кәсіби білім берудегі ұлттық жүйенің өзегін қалыптастыру керектігін айтты. Болашақта жастардың орта техникалық білім алуының мемлекетпен кепілдендірілген жүйесіне көшуді қарастыру қажеттігін де жеткізді. Елбасының бұл тапсырмалары қазақстандық білім беру ісін жаңа сапаға көтереді деп есептеймін. Жалпы, білім беру саласы қай мемлекет үшін де стратегиялық маңызға ие. Сон­дықтан, Елбасының бұл салаға ерекше назар аударғаны орынды деп есептеймін», деді ол.

Ассамблея мәжілісінде об­лыстық мәслихаттың депутаты Әбіл­­қасым Досболов, М.Әуезов атын­дағы ОҚМУ профессоры Асма Қалыбекова, облыстық өз­бек этномәдени бірлестігінің төра­ғасы Икрам Хашимжанов және Шымкент қаласындағы №45 мек­теп-лицейдің директоры Роза Пак Президент Жолдауына байланыс­ты ойларымен бөлісті.

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.