Әлем • 18 Қыркүйек, 2021

Әлемде эпидахуал қандай?

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК әлем елдеріндегі эпидахуалға шолу жасады, деп жазады Egemen.kz.

Әлемде эпидахуал қандай?

Таиланд билігі Бангкокты шетел туристері үшін қазан айының 15-нен бастап ашатын болды. Бұрын ол 1 қазанға белгіленген еді. Оған қалада вакцинация қарқынының төмендігі себеп болды. Паттайя курорты орналасқан Чонбури, Чианг Май, Пхетбури және Прачуапкхирикханда да туристерді қабылдау мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін.

Швейцария Үкіметі елге кірудің жаңа ережесін енгізді. 20 қыркүйектен бастап вакцина алғанын немесе КВИ-мен ауырып-жазылғанын растайтын құжат болмаса, саяхатшылар ПТР-тест нәтижесін ұсынуы керек. Содан кейін 4-7 күннен кейін қайта тексеруден өтеді.

Лондон метросының операторлары COVID-19-ға байланысты эскалаторларда құлап қалу оқыс жағдайларының өскенін хабарлады. Денсаулығына аса сақтықпен қарайтын жолаушылар вирус жұқтырудан қорқып, эскалатор қоршауын ұстамауға тырысады.