31 Қаңтар, 2014

Атом энергиясына екпін түсірілді

269 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыда «Қазақстанның ядро­лық қоғамы» (ҚЯҚ) қа­уым­­дас­тығының жыл қоры­тын­ды­сына арналған конферен­ция өтті. Аталған шараға «Қаз­атомөнеркәсіп» ҰАК құра­мын­дағы кәсіпорындар, ИЖТМ Атом энергиясы коми­теті мен «Ұлттық ядролық ор­талық» РМК өкілдері қатысты. Басқосуды Қа­зақ­станның ядро­лық қоғамының президенті – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Владимир Школьник кіріспе сөзбен ашты. Ол өз сөзін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел хал­қына Жол­дауында атап көрсеткен мін­деттерден бастады.

«Мемлекет басшысы егер біз әлемнің бәсекеге барынша қа­­білетті 30 елінің қатарына енгіміз келсе, осыны жасауымыз керек деп атом энергети­ка­сына қатысты өзінің көзқарасын анық жеткізді. Қазақстанның ядролық қоғамы еліміздің жоғары тех­нологиялары саласындағы үздік инженерлер мен үздік технологтарды, үз­дік университеттер мен үздік ғы­лыми орталықтарды бірік­ті­ріп отырғандықтан, бұл бізге де айрықша жауап­кершілік жүктейді. Бұл біздің ел халқы алдындағы азаматтық парызымыз, еліміздің инновациялық дамуына қосар үлесіміз болмақ», деді ол.

ҚЯҚ міндеттері туралы ай­та келе Владимир Школьник кә­сіп­орын басшыларын атом са­­ласымен қатар, баламалы энер­­гетиканы, ғылымды көп қажет­сінетін технологиялар мен сирек жер металдар саласын да дамытуға шақырды. Сон­дай-ақ ол жасыл энергетиканы насихаттаудың ма­ңыздылығына тоқталды. «Ядролық энергетика – таза энергетика, ол жасыл технологиялардың бір түрі. Жасыл энергетикамен шұғылданғандар яд­ролық, күн және жел энергетикаларымен де шұ­ғылданады», деп түйіндеді сөзін Владимир Школьник.

Қазақстанның ядролық қоға­мы өскелең ұрпақпен де белсенді жұмыс жүргізіп келе­ді. Атап айт­қанда, қоғам жоғары сынып оқушылары мен студенттер үшін лекциялар, семинарлар, экс­курссияларды тұрақты түр­де өткізеді. Радиациялық қауіп­сіздік бойынша мұндай лекциялар «Байкен-U» және «КБ-6» кәсіпорындарына жақын маң­дағы ауыл балаларына арнап ұйымдастырылған. Ал «Бай­кен-U» кенішіне жақын ауылдарда тұратын бір топ оқушылар Астанаға жасалған техникалық турға қатысып, Оқушылар сара­йымен де танысқан.

Ядролық қоғам қатысушылары мектеп оқушылары мен ЖОО сту­денттері арасында ғана емес, сала кәсіпорындары қыз­меткерлері арасында да білім деңгейін көтеру жұмыстарын жүргізуге қатысуға шешім қабылдаған.

Жиын соңында ҚЯҚ мүшелері биылғы жылға арналған жұмыс жос­парына өз ұсыныстарын енгізді.

«Егемен-ақпарат».