Коронавирус • 20 Қыркүйек, 2021

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

Оған сәйкес, денсаулық сақтау ұйымында, жедел медициналық жәрдем көлігінде, карантин үшін жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда пациенттер мен медицина қызметкері келісімінсіз аудио, фото және видео түсіруді шектеу тармақшасы алынып тасталды.

Сондай-ақ енді медицина қызметкерлерінің үйде медициналық көмек көрсетуі, ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізуі кезінде, науқас пен онымен байланыста болған адамдар арасында сауалнама жүргізу барысында аудио, фото және видео түсіруге рұқсат берілді.

Қаулы 2021 жылғы 20 қыркүйекте сағат 00-ден бастап күшіне енеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлы дала әуені Анкарада

Әлем • Бүгін, 08:45

Бауырлас елмен байсалды байланыс

Экономика • Бүгін, 08:40

Доп додасының дүбірі естілді

Футбол • Бүгін, 08:35

Табыс артса, тұрмыс түзеле ме?

Экономика • Бүгін, 08:30

Ырыздық жорығы аяқталды

Шаруашылық • Бүгін, 08:25

135 жылдық тарихы бар турнир

Теннис • Бүгін, 08:20