Түркістан Оқушылар сарайы мен «Turkistan Tourism Center» орталығы бірлесе «Бұл - біздің таулар» фестивалін ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.

Бұл шараның мақсаты – оқушыларға аймақтағы таулы өлкелерді таныстыру, табиғат құндылықтарын насихаттау, тау туризмін дамыту және Түркістан облысының жаңа туристік бағыттарын таныстыру.
Фестивальға Түркістан қаласындағы 30 мектептен үздік, белсенді әрі талантты 30 оқушысы және «Оқушылар сарайындағы» үйірмелерге қатысушы, көптеген республикалық және халықаралық додаларда топ жарып жүрген дарынды 20 оқушы қатысты. Олар 18-19 қыркүйек күндері Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Хантағы демалыс аумағына саяхат жасап, түрлі қызықты сайыстар мен ойындар ойнап уақыт өткізді.
Алдымен Түркістан қаласынан жолға шыққан фестиваль қатысушылары Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне барды. Онда оқушылар «Бұл - біздің таулар» тақырыбында сурет салудан сынға түсті. Одан кейін «Дрон ұшыру» бойынша балалар өздерінің қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар өнерден алыс емес балалар өлең, эссе жазып және ән айтып та таланттарын көрсетіп ұйымдастырушылардың жүлделеріне ие болды.
Екінші күні Хантағы демалыс аумағына барған балалар кедергілер арқылы тау шыңдарын бағындырды. Сондай-ақ пікірсайыс ұйымдастырып, өздерінің жан-жақтылықтарын көрсете білді.
Оқушылар сарайы директоры Индира Сарқытқызы: «Балаларды табиғатқа жиі алып бару, оларға қызықты сәттер сыйлау өте пайдалы. Мен өзім де тауға жиі шығамын. Адам табиғатпен тілдесу арқылы жаңа белестерге күш-қуат алады. Сонымен қатар, бүгінгі шара ең бірінші кезекте балаларды табиғатты аялауға үйретері сөзсіз» дейді.
Еске сала кетейік, аталмыш фестивалі 2001 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын фестиваль қатысушылары арасында ішкі туризмді дамытуға қызығушылық пен табиғатты қорғауға деген құлшыныс артып келеді.
Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ғылым академиясына қандай өзгеріс керек?
Ғылым • Кеше
Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты
Қазақстан • Кеше
Медиаконтент: Мүмкіндіктер мен жетістіктер
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Қоғам • Кеше
Қымыз өндірісі өрге баспай тұр
Қазақстан • Кеше
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
«Жаңа Қазақстан» – арнайы жүлде
Саясат • Кеше
Гранд Сламнан бас жүлде бұйырмады
Спорт • Кеше
Құрылыс саласы қалай цифрланып жатыр?
Технология • Кеше
Құмар ойынға құныққандар елімізде 350 мыңнан асады
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
БҚО-да жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды
Оқиға • Кеше
Аптап ыстық: Еліміздің тоғыз өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мәулен Әшімбаев ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысымен кездесті
Парламент • Кеше
Еңбек министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Шілдеде Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін
Ауа райы • Кеше
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Қоғам • Кеше
QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды
Коронавирус • Кеше
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме
Білім • Кеше
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті
Аймақтар • Кеше
Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
АҚШ-тың Такома қаласында атыс болды
Әлем • Кеше
Қазақстанда учаскелік инспекторлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар