Өнер • 21 Қыркүйек, 2021

«Шыңырау» шыңға шықсын

760 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Режиссер Жаңабек Жетіруовтың «Шыңырау» көркем фильмі Ресейде өтетін XXVII Халықаралық «Әдебиет және кино» кинофестивалінің негізгі байқауына қатысады. Кинокартина Әбіш Кекілбаевтың повесі желісімен түсірілген.

«Шыңырау» шыңға шықсын

Гатчина қаласында 24 қыр­күйек пен 2 қазан ара­лығында өтетін фестивальда көркем шығарма желісімен түсірілген фильмдер ғана бақ сынай алады.

«Шыңыраудың» негізгі сюжеті құдық қазушы Ең­септің оқиғасын баяндай отырып, менмендік, бақта­лас­тық, махаббат, достық, қас­тандық сынды мінездерге құ­рылған.

«Әбіш Кекілбаевтың «Шы­ңырау» повесі желісімен түсірілген фильм әлемге есім­дері белгілі Толстой, Че­хов, Достоевский, Кафка сияқ­ты ұлы жазушылардың шығармасы бойынша тү­сірілген фильмдермен бір конкурстық бағдар­лама­да көр­сетілетініне қуа­ныш­ты­мын», дейді режиссер.

«Әдебиет және кино» ки­нофестивалі 1995 жылдан бері Гатчина қаласында өтіп келеді. Мұнда жыл са­йын ресейлік және әлем­дік жаңа фильмдер көрсе­­ті­леді. Биылғы маусымда – 24 қыркүйекте фестиваль Алексей Тельновтың «Ар­­хипелаг» фильмімен ашыл­­мақ. Негізгі байқауға бар­лығы 24 туынды қатысады.

Ал Мәдениет және спорт министрлігі тапсыры­сы бойынша Ш.Айманов атын­дағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Шыңырау» көркем фильмі 28 қыркүйекте 19.00-де «Победа» киноконцерт залында көрсетіледі.