Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2021

Халықаралық теңіз ұйымы Қазақстанды «ақ тізімге» енгізді

778 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халықаралық теңіз ұйымының (ХТҰ) тәуелсіз сарапшылар комиссиясы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қазақстанды «ақ тізімге» енгізуге арналған жаңаша өтінімін қанағаттандырды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық теңіз ұйымы Қазақстанды «ақ тізімге» енгізді

«Ақ тізімге» кіру отандық теңізшілердің кәсіби дипломдарын халықаралық қоғамдастықтың тануын қамтамасыз етіп,  ДДВА Конвенциясына қол қойған барлық мемлекеттерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

ХМҰ сарапшылары ҚР-ның Ұлыбританиядағы елшілігін елімізде теңіз білімі, кеме экипажы мүшелерін дипломдау және медициналық тексеру, теңіз оқу-тренажер орталықтарын куәландыруға жеткілікті ұлттық нормативтік-құқықтық база қалыптасқан деген қорытындыға келгенін хабарлады.

Осыған байланысты, 2021 жылдың 4-8 қазан аралығында Теңіз қауіпсіздігі жөніндегі комитеттің 104-ші отырысы өтеді. Отырыс барысында ХТҰ Бас хатшысы Комитет мүшелерін Қазақстанның теңізшілерді даярлау жүйесінің Конвенция талаптарына сәйкестігі туралы тәуелсіз сарапшылардың шешімі туралы хабардар етеді. Бұл еліміздің ХТҰ-ның «ақ тізіміне» енгізілгенін ресми түрде растайды.

Еске сала кетсек, 2012 жылы ҚБТУ жанынан халықаралық деңгейдегі теңіз мамандарын даярлайтын Теңіз академиясы ашылды. Онда теңізшілерді арнайы қысқа курстар (теңізде аман қалу, кемедегі өртпен күрес, алғашқы медициналық көмек көрсету, кемедегі медициналық күтім және т.б.) бойынша оқытатын теңіз оқу-тренажер орталығы құрылды.

ҚР ИИДМ 2019 жылдың қараша айында ХТҰ-ға қазақстандық білім беру жүйесінің сәйкестігін тануға өтінім берді. 2020 жылы құжаттарды ұйым комиссиясы қарады. Онда жеке нормативтік актілер мен оқу бағдарламаларын пысықтау қажеттілігі көрсетілген. 2021 жылғы 15 шілдеде ҚР ИИДМ Халықаралық теңіз ұйымы сарапшыларының барлық ескертулерін жойып, 2019 жылғы өтінімге қосымша түсіндірулер түрінде жаңа құжаттарды жіберіп, тексеруден сәтті өтті.