Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021

Алматыдағы атыс: полиция егжей-тегжейлі айтып берді

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы ПД басшысы Қанат Таймерденов Алатау ауданында орын алған атыс фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу басталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы атыс: полиция егжей-тегжейлі айтып берді

Полиция департаментінде өткізілген брифинг барысында Қанат Таймерденов болған оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді. Журналистермен кездесу басында ол қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты.

Оның айтуынша, «Кісі өлтіру» және «Билік өкіліне шабуыл жасау» баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынып, тергеу жұмыстары өткізілуде. Оның атына қару 2008 жылдан бері тіркелгені белгілі болды. Күдікті психиатриялық диспансерде тіркелмеген.

Ведомствоаралық жедел топ құрылды, тергеу нәтижелері бойынша полиция алдағы уақытта толық ақпарат береді.

Қаза тапқан полицейлердің отбасыларына көмек көрсетіледі.

Қаза тапқан С. Д. 2003 жылдан бастап Ішкі істер органдарында жұмыс істеді, оның бес баласы бар.

Ал Б. полицияда 2004 жылдан бері жұмыс істеп келген. Оның артында екі баласы қалды.

Еске сала кетсек, 20 қыркүйекте Алматы қаласының Алатау ауданында 54 жастағы ер адам оқ жаудырды. Оқиға салдарынан бес адам мерт болды. Олардың арасында сот орындаушысы, екі полиция қызметкері және екі азамат бар. Азаматтардың бірі - үйдің жаңа иесі екені белгілі болды.

Ер азамат ұсталды. Кісі өлтіргені үшін ол 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.