Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021

Оралда 200-ге жуық отбасы баспаналы болды

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қала күні қарсаңында Оралда 198 отбасы баспана кілтін алды, деп жазады Egemen.kz.

Оралда 200-ге жуық отбасы баспаналы болды

Облыс әкімі Ғали Есқалиев пәтер иелеріне кілтін табыстап, ізгі лебізін білдірді. 

«Бәріңізді құттықтаймын! Жаңа пәтер отбасыларыңызға тек қуаныш пен күлкі сыйласын!», деді аймақ басшысы.

Орал қаласында үлкен панельді схема бойынша 9 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы 2019 жылы басталды, оның құны 2 миллиард теңгеден асады. Тұрғын үйдің жалпы ауданы 16 мың шаршы метрден асады. Үйде 81 бір бөлмелі пәтер, сонымен қатар 99 екі бөлмелі және 18 үш бөлмелі пәтер бар. Батыс Қазақстан облысында биыл барлығы 302 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.