Бұл күндері Нұр-Сұлтанда ATP Tour сериясындағы Astana Open турнирі өтіп жатыр. Жүлде қоры 480 000 АҚШ долларын құраған айтулы додада Қазақстаннан бөлек, Испания, Франция, АҚШ, Ресей, Аустралия, Сербия, Швеция, Колумбия, Италия, Чехия, Чили, Беларусь, Оңтүстік Корея, Финляндия және Литва сынды мемлекеттерден келген танымал теннисшілер бақ сынауда.

Іріктеу сыны аяқталып, негізгі жарыста жерлестеріміздің арасынан алғашқы болып кортқа 20 жастағы Тимофей Скатов шықты. Әлемдік рейтингте 280-орында тұрған ол Андреас Сеппимен сайысқа түсті. 37 жастағы Италия теннисшісінің есімі жанкүйерлерге жақсы таныс. АТР турнирлерін үш рет ұтқан Сеппи кезінде Уимблдон мен Ролан Гарростың төртінші кезеңінде өнер көрсеткен. Ал Аустралияның ашық біріншілігінде төрт рет дәл сол межеге дейін жетті. Осы табысының арқасында әлемнің 18-ракеткасы атанды. Қазіргі кезде Андреас үздіктер тізімінде 87-орынды иеленуде.
Десек те Тимофей азулы қарсыласынан еш қаймыққан жоқ. Әсіресе, алғашқы сеттегі ойыны керемет әсер қалдырды. Кездесу барысында 1:4 есебімен жеңіліп жатып, бәсекені тай-брейкке дейін жеткізді. Шешуші тұста ширақ қимылдаған Скатов жеңісті Сеппидің уысынан жұлып әкетті – 7:6. Екінші сетте Апеннин түбегінің түлегіне есе жіберді – 4:6. Десек те үшінші сетті Тимофейдің мысы басым болды – 6:1. Осылайша, Нұр-Сұлтандағы турнирде алғашқы сенсация тіркелді. Енді Скатов Беларусь елінің өкілі Илья Ивашкомен кездеседі.
Кеше Дмитрий Попко аустралиялық Джон Миллманмен шеберлік байқаса, бүгін Михаил Кукушкин жасыл құрлықтың тағы бір өкілі Джеймс Даквордпен күш сынасады. Алғашқысы әлемдік рейтингте 48-орында тұрса, екіншісі 65-сатыға жайғасты. Бірақ біздің жігіттер өз жанкүйерлерін жерге қаратпау үшін кортта барын салады деп ойлаймыз. Ал жарысты екінші айналымнан басталағалы отырған Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бүгін АТР тізімінде 60-орынды еншілеп отырған сербиялық Миомир Кецмановичке қарсы ойнайды.
БҚО-да мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы тоқтатылды
Оқиға • Бүгін, 10:35
Ақтөбеде жол апатынан 4 адам көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 10:21
ШҚО-да жоғалып кеткен бала әлі табылған жоқ
Қоғам • Бүгін, 10:17
«Көше ақыны» Корея кинофестивалінде көрсетіледі
Өнер • Бүгін, 10:08
Египетте шіркеудегі өрттен 41 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 09:55
Өскеменде аутист бала жоғалып кетті
Аймақтар • Бүгін, 09:42
Елордада 14 автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
Елорда • Бүгін, 09:34
Қазақстанның басым бөлігінде күн ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:25
15 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:16
Анна Данилина АҚШ-та чемпион атанды
Теннис • Бүгін, 09:09
Коронавирустың тәуліктік көрсеткіші төмендеді
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Футбол • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Хоккей • Бүгін, 08:37
Ерекше балаларға қамқор орталық
Қоғам • Бүгін, 08:35
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Өнер • Бүгін, 08:28
Қоғам • Бүгін, 08:25
Әкімдік мұқтаж балаларға мектеп формасын әпереді
Білім • Бүгін, 08:23
Материалдық көмек – 40 мың теңге
Қоғам • Бүгін, 08:22
Аймақтар • Бүгін, 08:20
Жол ақысына жаңа тариф енгізіледі
Қоғам • Бүгін, 08:18
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Әлем • Бүгін, 08:13
Қазақстан • Бүгін, 08:10
Алма импортын шектей аламыз ба?
Экономика • Кеше
Мектепке дайындық отбасыларға оңайға соқпай тұр
Білім • Кеше
Қытай бастамасынан бас тартады
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Өңірлерге «идеологтер» қажет емес пе?
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Тас жолдағы трагедия азаймай тұр
Қоғам • Кеше
Мырзашөл-Шардара өңіріндегі ашаршылық
Тарих • Кеше
Өнер • Кеше
Бұрынғы қолжазба – бүгінгі қазына
Тарих • Кеше
Әдебиет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар