Әлем • 21 Қыркүйек, 2021

Мейрамханада жарылыс болды, зардап шеккендер бар

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексикада Гуанахуато штатының орталық бөлігіндегі Саламанка муниципалитетінде белгісіз біреулер мейрамхана маңында жарылыс жасап, екі адам қаза тапты, төртеуі жараланды, деп жазады Egemen.kz.

Мейрамханада жарылыс болды, зардап шеккендер бар

Жарылыс мейрамхана лық толы болған кезде жасалған. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Аймақ губернаторы Диего Вальехо жарылысты терроризмге теңеді.

«Бұл штатта бұрын-соңды болмаған лаңкестік шабуыл. Ол аймақтың бұрын бастан кешкендерімен салыстырғанда, зорлық-зомбылық деңгейін арттырғаны сөзсіз», деді ол.

Прокуратураның мәліметінше, белгісіз адамдар қолдан жасалған жарылғыш зат салынған буманы  мейрамхана менеджеріне тапсырған. Пакет ашылған кезде жарылыс болып, екі адам қаза тауып, төрт адам ауыр жарақат алған. Қадағалау агенттігінің шенеуніктері болған оқиғаның әртүрлі нұсқасын қарастырып жатыр. Негізгілерінің біріне сәйкес, қастандыққа осы аймақта әрекет ететін ұйымдасқан қылмыстық топтың бірі жауапты болуы мүмкін.

Гуанахуато соңғы жылдары Мексикадағы ең қауіпті штаттардың біріне айналды. Қаңтар мен шілде аралығында мұнда 2,1 мыңға жуық қасақана кісі өлтіру тіркелді. Сәуірде Мексиканың «Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық әділет жөніндегі азаматтық кеңес» үкіметтік емес ұйымының сарапшылары республиканың 18 қаласын әлемдегі ең қауіпті 50 қаланың тізіміне енгізді. Бірінші орынды Гуанахуатодағы Селая қаласы алды.

Соңғы жаңалықтар