04 Ақпан, 2014

Тиімділік тетігі – сапалы жұмыс

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Батыс» өңірлік қолбас­шы­лығының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан На­зар­баевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір бо­лашақ» атты Жолдауына байланысты жиын өткізді. «Батыс» өңірлік қолбас­шы­лығы әскерлерінің қолбасшысы пол­ковник Мұрат Нұғманов гар­низон әскери бөлімдері мен мекемелері жеке құрамымен әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Жолдауының маңызына жан-жақты тоқталды. Жоғарғы Бас қолбасшы: «Стра­тегия – бұл қазақ­стан­дық­тардың өмірін және еліміздің өркендеуін күн сайын, жыл сайын жақсартатын нақты істердің бағдарламасы. Сонымен бірге, оң нәтижеге жету үшін әрбір адам тиімді жұмыс істеуі тиіс. Мем­лекеттің басты міндеті – нақ­ты жағдай жасау», деді. Және де біздер, әскери қызметшілер үшін қажетті барлық жағдайлар жа­салған. Жоғарғы Бас қолбас­шының тапсырмасы бойынша әскери қызметшілер баспанамен қамтамасыз етілген, Қазақстан армиясы қазіргі заманғы әскери техникамен, қару-жарақпен жаб­дықталған. Сондай-ақ, жиналыс барысында Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарын жүзеге асыруға байланысты жұмыстардың негізгі межелері белгіленді. Ақтөбе гарнизоны әскери қызметшілері Мемлекет басшысының идея­лары өздеріне қанат бітір­ген­дігін және Қазақстан Респуб­ликасының әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосы­луына өздері тараптары­нан бар күш-жігерлерін арнай­тын­дықтарын атап өтті. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». АҚТӨБЕ.
Соңғы жаңалықтар