Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2021

Құрлық әскерлерінің жауынгерлік әзірлігі тексерілуде

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әскерлерді тексеру аясында «Оймаша», «Көктал», «Шығыс» және «Сарышаған» полигондарына Әуе қорғанысы күштерінің майдандық, әскери-көліктік және армиялық авиация экипаждары жұмылдырылды, деп хабаралайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Құрлық әскерлерінің жауынгерлік әзірлігі тексерілуде

Әскери ұтқырлықты арттыру мақсатында арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жеке құрамы, қару-жарақ пен әскери техника 3000 шақырымнан астам аймаққа жіберілді. Күштер мен құралдарды алыс жерлерге жіберуге әскери-көліктік авиация ұшақтары пайдаланылды.

Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелері жедел әуеайлақтардан жауынгерлік іс-қимылға дайындалу және оған кірісу мәселелерін пысықтайды. Әуеайлақтары жоқ аудандарда әр түрлі әуе кемелерінің ұшуы мен қонуына мүмкіндік беретін көлік жолдарының әуеайлақ учаскелері қолданылады.

ұшақ

Каспий теңізінің су айлағындағы Тоқмақ мүйісінің жағалауында С-295 әскери-көліктік ұшақтары 3000 және 5000 метр биіктіктен арнайы мақсаттағы жасақты түсіруді жүзеге асырды. Армия авиациясының экипаждары Ми-35М соққы беруші тікұшақтарының оқ атып шабуылдау тәсілімен арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің десант түсіруін жүргізді.

Майдандық авиацияның экипаждары зымыран әскерлерімен және радиоэлектрондық күрес құралдарымен өзара іс-қимыл жасап, қарсыластың нысандарына соққы жасады.

у

Тексеруге Су-30СМ, Су-27 көпфункционалды жойғыштары, С-295 әскери-көліктік ұшағы және Ми-35М, Ми-17, Ми-8, Ми-171Ш, ЕС-145 тікұшақтары  және ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды.

п