Әлем • 22 Қыркүйек, 2021

Ресей университетінде қырғын салған жігіттің аяғы кесілді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде атыс ұйымдастырған студент Тимур Бекмансуров аса ауыр халде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей университетінде қырғын салған жігіттің аяғы кесілді

Жігіт есін жимаған, оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.

Baza Telegram арнасы Бекмансуров реанимациядан қарапайым палатаға ауыстырылғанын айтады.

«Дәрігерлердің пікірінше, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тимур әлі күнге дейін есін жимаған, ол жасанды өкпе желдету аппаратына қосылған», делінген хабарламада.

Бекмансұров көп ауыр жарақат алғандықтан бүйрек жеткіліксіздігіне ұшырауы мүмкін екендігі айтылуда.

Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Пермь қаласындағы жоғары оқу орнында атыс болғаны хабарланған еді. Оқиға видеосы РЕН-ТВ Telegram-арнасында жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, студенттер ғимарат терезесінен секірген. Сондай-ақ видео кадрларынан атыс естіледі. Кейін атыс салдарынан 8 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Қылмыстық іс «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеледі. Пермь университетінде атыс шығарған адамды ұстау сәтінің видеосы желіде жарияланды.