Мәдиевтің айтуынша, Қазақстанда жыл басынан бері болған өрт оқиғаларының негізгі үлесі (58%) тұрғын үй секторына тиесілі, ал 18% пайызы көліктермен байланысты.
«Негізгі себебіне келсек, 34% пайызы, яғни 2,5 мыңнан астам жайт электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін сақтамау салдарынан болып отыр. Сонымен қоса 29% пайызы, ол 2 мыңнан астам жайт, от жағу кезінде адамдардың абайсыздығынан болады және 12 пайыз пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзумен байланысты», деді ол.