Президент • 22 Қыркүйек, 2021

Маңғыстау өңіріндегі медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетілуі тиіс - Президент

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау өңіріндегі медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетілуі тиіс - Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау проблемаларына арнайы тоқталды. Мемлекет басшысы облыста екпе салу жұмысы өте баяу жүріп жатқанын, еңбек ұжымдары екпеден жаппай бас тартып отырғанын, жергілікті жұрттың жартысына жуығы медициналық қызметтің сапасына риза емес екенін атап өтті. Президент дәрігерлердің жетіспеушілігін тағы бір өткір проблема ретінде көтерді.

«Өңірде 276 медицина маманы жетіспейді. Соның ішінде емханаларға 147 дәрігер қажет. Сөйте тұра, жолдамамен келген жас мамандардың 28 пайызы ғана әлеуметтік қолдауға ие болған. Бұл еш қисынға келмейді. Біз жас мамандарды жұмысқа белсенді тартып жатырмыз. Бірақ, оларға уәде еткен көмекті бере алмай отырмыз. Аймаққа қажетті барлық медицина қызметкерлеріне толық әлеуметтік қолдау көрсетуді облыс әкімдігіне тапсырамын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын жаңартуды маңызды міндет санайды. Үкімет пен әкімдік осы мәселені шешуі керек.