Саясат • 23 Қыркүйек, 2021

Қазақстан АӨСШК-қа төрағалық етеді

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан келер жылы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске төрағалық етіп, Кеңестің 30 жылдығына арналған саммит өткізеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының Жалпы дебаттарында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан АӨСШК-қа төрағалық етеді

Президент өркениеттердің еуразиялық тоғысында орналасқан Қазақстан бұрынғыдай тепе-тең, сындарлы сыртқы саясат ұстанатынын мәлімдеді.

«Біздің жақын көршілеріміздің бәрімен, батыс елдерімен, Еуропалық одақпен, Азия және Таяу Шығыстағы мемлекеттермен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің басты мақсаты да осы. Қазақстан келер жылы АӨСШК-қа төрағалық етіп, Кеңестің 30 жылдығына арналған саммит өткізеді. Біздің әлем өзара байланысты әрі нәзік. Біз адамдарға нақты нәтиже беретін және шынайы жаһандық ынтымақтастыққа арқау болатын сындарлы диалог құруға мұқтажбыз», деді Мемлекет басшысы.

Қ.Тоқаев халықаралық ұйымдар, қаржы мекемелері, азаматтық қоғам, бизнес, жергілікті және аймақтық билікті адамзатқа ортақ игілік жолында белсенді әрі шынайы болуға шақырды.

«Біздің ортақ болашағымызды өзімізден басқа ешкім қамтамасыз етпейді. Ешқандай ұлт жалғыз жүріп жол таппайды және өркендемейді. Оның емі де, дауасы да жоқ. Дәл қазіргі уақыт әлемді жақсылыққа жетелеудің ұжымдық мүмкіндігін ұсынып отыр», деді Президент.