Әлем • 23 Қыркүйек, 2021

Түркия Сирияға тағы бірнеше мың әскер жіберді

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия Сирияның солтүстік-батысына қосымша әскер жіберді, деп жазады Egemen.kz.

Түркия Сирияға тағы бірнеше мың әскер жіберді

Фото: Yahya Nemah/ЕРА

Bloomberg агенттігінің жазуынша, тағы бірнеше мың әскер екі елдің шекарасына шығатын жолды бақылайды және Идлибте Сирия күштері шабуыл жасаған жағдайда, тойтаруы керек.

Идлиб - Сириядағы жалғыз аймақ, оның едәуір бөлігі бандылардың қолында. 2017 жылы солтүстік деэскалация аймағы құрылды. Онда Дамаск маңындағы Шығыс Гута мен елдің оңтүстігінде қаруын тастаудан бас тартқан экстремистер көшірілді. Түрік армиясының бақылау бекеттері провинция аумағында орналасқан.

«Президент Режеп Тайып Ердоған үкіметі бұрыннан Ресей қолдайтын Сирия күштерінің Идлибке қарсы көтерілісшілер бекінісіне енуі босқындардың Түркия шекарасына қарай ағылуына әкеледі деп қорқады», деп жазады агенттік.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Сириядағы ахуал 29 қыркүйекте өтетін Түркия мен Ресей басшыларының кездесуінде талқыланады. Кездесу Ресейде өтеді деп жоспарланған.