Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2021

Ақтөбеде 243 келі есірткі тәркіленді

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде өтіп жатқан «Қарасора-2021» жедел-алдын алу шарасының аясында барлығы 243 келі есірткі заты тәркіленді, деп жазады Egemen.kz.

 

Ақтөбеде 243 келі есірткі тәркіленді

ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, 1 маусым мен 24 қыркүйек аралығында 72 қылмыстық іс тіркелген.

«Оның ішінде тасымалдағандар мен сатқандар, сатып алмақ болған адамдар бар. Нәтижесінде заңсыз айналымнан 243 келіден астам ескірткі заты тәркіленді»,  деді Сарқұлов.