Елорда • 24 Қыркүйек, 2021

Елордада Рудакидің ескерткіші ашылды

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Тәжікстан Оли Мажлисі Милли Мажлисінің төрағасы Рустами Эмомали ақын, тәжік және парсы классикалық әдебиетінің негізін қалаушы Әбу Абдаллах Рудакидің ескерткішін ашу рәсіміне қатысты, деп жазады Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада Рудакидің ескерткіші ашылды

Фото: Е.Үкібаев

Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Мәулен Әшімбаев бұл шара Қазақстан астанасының мәдени өміріндегі маңызды оқиға екенін және Қазақстан-тәжік ынтымақтастығының даму тарихына енетінін атап өтті.

«Қазақстанда ұлы ақын Әбу Абдалла Рудакидің шығармашылық мұрасын жоғары бағалайды. Оның поэзиясы әлемдік мәдениеттің қазынасына енді. Омар Хайям, Низами, Фирдоуси, Джәми және Руми сияқты Шығыстың көрнекті ақындары мен жазушылары Рудакидің шығармашылығыннан өсіп шықты. Бүгін біз оның аты берілген көшенде тәжік және парсы классикалық әдебиетінің негізін қалаушы Абу Абдаллах Рудакиге ескерткіш ашамыз. Душанбеде қазақтың ұлы ойшылы Абай атындағы көше бар екенін білеміз. Екіжақты қарым-қатынастарда мәдени-рухани байланыстар әрдайым берік көпір және іргетас болып қала береді. Көрнекті тұлғаларымыздың естеліктерін құрметтеу бізді қуантады», деді Сенат Төрағасы.

Осы күні екі ел парламенттері палаталарының төрағалары Қазақстан Республикасындағы Тәжікстан Республикасының жаңа Елшілігінің құрылыс орнына алғашқы тас қалаудың салтанатты рәсіміне қатысты.

1