Әлем • 24 Қыркүйек, 2021

ШЫҰ елдерінің Бас штаб басшылары әлемдегі ахуалды талқылады

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары авиация генерал-майоры Нұрлан Кәрбенов Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің бас штабт басшыларының кеңесіне қатысты, деп жазады Egemen.kz.

ШЫҰ елдерінің Бас штаб басшылары әлемдегі ахуалды талқылады

Ұйымға мүше мемлекеттер қарулы күштері бас штабтарының, сондай-ақ ШЫҰ Хатшылығының басшылары әлемдегі әскери-саяси ахуалды талқылап, халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері мен Ауғанстандағы қазіргі жағдайға қатысты пікір алмасты.

Кеңес Ресей Федерациясының Орынбор облысындағы «Донгуз» полигонында «Бейбіт миссия-2021» әскери терроризмге қарсы бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде өтті. Кеңестің қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылып, 2023 жылы кезекті кездесу өткізу туралы уағдаласты.